Мектеп мұғалімі жазалау мақсатында жүз шақты оқушының шашын кесіп тастаған (видео)
Таиландтың орталық бөлігіндегі Фетчабун провинциясындағы мектеп мұғалімі тәртіпке келтіру үшін 100-ге жуық оқушының шашын кесіп тастаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bangkok Post сайтына сілтеме жасап.
Түсірілімнен скриншот
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде таралды, мұғалім оқу орнының ауласында таңертеңгі жиналыс кезінде жасөспірімдердің шаштарын әр жерден кесіп тастады.
Білім министрі Тринух Тиентонг мемлекеттік органдарға мектеп директоры мен мұғалімге қатысты тергеу жүргізуді және егер кінәсі дәлелденсе, оларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Министр мұғалімнің әрекеті орынсыз екенін мойындады, өйткені министрлік 2020 жылы ұлдар мен қыздарға арналған мектеп шаштарына қатысты ережелерінің күшін жойды. Енді әр мектеп оқушыларға арналған шаш үлгісін таңдауға құқылы.
Таиландта 1972 жылдан 2020 жылға дейін оқушыларға шаш үлгісіне қатысты тыйымдар болған. Қыздар шаштарын құлақ деңгейінен төмен өсіре алмады, ал ұлдардың шашының ұзындығы 5 сантиметр болды.
— ค่าหัว 3 ล้าน (@kaikrobb) February 7, 2023