Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зейнетке дейін мектеп директоры болмайды": Қазақстандық мектептерде не өзгереді

Қазақстандық мектептерде не өзгереді

Фото: Ru.freepik.com

Оқу-ағартуминистрі Жұлдыз Сүлейменова жақын арада Қазақстан мектептерінің директорларына қатысты қандай өзгерістер болатынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасының “Түйін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жұлдыз Сүлейменова мектептегі басқару принциптері өзгергенін айтты.

“Біріншіден, мектеп директорлығы ол сол позицияда зейнетке кеткенге дейін болады деген дүние емес. Заман өзгерді. Басқару принциптері өзгерді. Мектеп директорлығына ұмтылғысы келетін өте жақсы сауатты, білікті, тамаша шығармашылық ұстаздарымыз бар. Біз осы талантты ұстаздарымыздың арасынан мықты менеджер шығаратындай жүйе қалыптастыруымыз қажет. Директорлық – ешкімнің өмір бақи отыратын қызмет орны емес. Сондықтан мен өз позициямда қаламын”, – деді министр. 

Министр алдағы уақытта мектеп директорларын ұзақ уақыт бір лауазымда отырып қалмау туралы бұйрық талқыланатынын айтты.

Онда қала мектептері үшін “2+2”, ауыл мектептері үшін “3+3” форматы ұсынылады. Яғни, 

  • Директор 2 жыл жұмыс істейді.

  • Егер жұмысы жақсы бағаланса, тағы 2 жылға қалады.

  • Яғни бір мектепте ең көбі 4 жыл директор бола алады.

Дәл осылай ауыл мектептерінде де мектеп басшысы ең көбі 6 жыл директор бола алады

Бүгінде осы мәселе жұмыс тобы аясында пысықталып жатыр. Келесі оқу жылы басталғанға дейін нақты шешім қабылданады. 
 

 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 09 Наурыз, 2026 18:00