Меккеге бара жатқан автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты
Меккеге барар жолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алып 20 автобус жолаушысы қаза тапты. Ал 29 адам түрлі дене жарақаттарын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Асир провинциясында орын алды. Автобус Меккеге бет алған.
Алдын ала болжам бойынша, тежегіш жүйесі дұрыс жұмыс істемей автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Жолаушылардың көпшілігі ауыр күйік алып, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы полициясының мәліметі бойынша олардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін айтты.
#SaudiArabia: At least 20 Umrah pilgrims killed, 29 injured in horrific bus crash in Asir
— Dr. Priya (@DrPriya44) March 28, 2023
The victims were on their way to #Mecca to perform #Umrah when the accident occurred pic.twitter.com/Qx01O3lVPG
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"