"Мекенжайды жазып жіберемін": Жұлдыз үйіне сирек келетін Қайратты ұялтты
Қайрат пен Жұлдыздың кезекті видеосы желіде қызу талқыға түсті. Бейнежазбада Әбдікәрімова күйеуін ұшақта кездестіріп қалғанын айтты. Ол үйіне сирек келетін Қайратты ұялтып қойды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жалпы, үйге бара жатырсыз ба? Мекенжайды білесіз бе?" – деп мысқылдады Жұлдыз.
"Өзің тықпасаң, ұмытпаймын ғой", – дейді Қайрат.
Оған жауап ретінде Әбдікәрімова үйдің мекенжайын жазып жіберетінін айтқан.
Бұдан кейін Жұлдыз әкесі мен балаларының сағынысып қауышқан сәтін желіне жүктеді. Бұған қарап желі қолданушылары Қайратты "отбасына көңіл бөлмейді" деп сынға алды.
"Жұлдыз дұрыс жасап, ойынмен жеткізіп отыр, демек, балаларына дұрыс көңіл бөлмей жүргені", "Дұрыс, түсінетін адам болса, әзілдеп жеткізді", "Әбден мазақ етті-ау", – деп жазды желі қолданушылары.
Тазы мен төбеттің қазақ үшін қадірі неде және тұқымы қалай сақталып келеді
Соңғы жылдары Қазақстанда тазы мен төбетті сақтау және олардың санын көбейтуге бағытталған жұмыс күшейген
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін