Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медициналық сақтандыру қорының басшысы МӘМС жүйесін өзгерту туралы петицияға пікір білдірді

Медициналық сақтандыру қорының басшысы міндетті медициналық сақтандыру механизмін өзгерту туралы өтінішке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: truenorthitg.com

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов петицияны қарау үшін 50 мыңнан астам дауыс жиналу керегін айтты.

"Бізде әлеуметтік медициналық сақтандыру моделі, ынтымақтастық үлгісі бар. МӘМС беру немесе тағайындау қарастырылмаған. Бұл жүйенің негізгі қағидасы. Жарналарды аударсаңыз, ол мұқтаж жандарға барады. Бірақ сізге медициналық көмек қажет болғанда, жалпы қаражат есебінен медициналық көмек көрсетіледі. Бірақ қазір петицияға қатысты пікір білдіргім келмейді. Әр нәрсенің өз уақыты бар", – деді қор басшысы.



Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы, петицияның келесі бір кезеңі: кәсіпкерлердің табысы азайғанда жарна төлемеу мүмкіндігі туралы  сөз қозғады. 

"Егер кәсіпкердің кірісі болмаса, оның қызметі тоқтатылатын болса, декларацияны ұсыну тоқтатылады. Тиісінше салықтар мен міндетті медициналық сақтандыру төленбейді”, – деді қор басшысы. 

Сондай-ақ петиция авторлары жарналар бірнеше болса да бір ғана табыс көзінен түсуін талап етеді.

"Жоғарғы шегі бар, одан жоғары жалақы болса және бірнеше жерде жұмыс істесеңіз де, шегерім болмайды. 850 мың теңге жалақыңа 17 мың теңгеден келеді. Бұл ең жоғарғы шегі”, – деді Сқақов. 

Айта кетейік, бұған дейін ePetition.kz сайтында "Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін өзгертуді талап етеміз" деген петиция пайда болған еді. Авторлар азаматтардың медициналық сақтандыруға аударатын жарналарына қатысты бірқатар өзгерістерді ұсынған. 

Талқылау