Медиа нарық: Тәуекелге толы аймақ па, мүмкіндік пе: Алматыда медиа саласын дамытуға арналған кезекті үлкен құрылтай өтеді

Биыл Алматы қаласында “MediaҚұрылтай – 2025” конференциясы "Медиа нарық: Тәуекелге толы аймақ па, мүмкіндік пе?" тақырыбымен өтеді. Бұл шара 17-ші рет медиа саласының жетекші майталмандары, Қазақстан мен шетел мамандары және қоғам пікіріне ықпал ететін көшбасшылардың басын қосады.
MediaҚұрылтай – 2025 қатысушылары саладағы негізгі трендтер мен қиындықтарды талқылайды. Бұл қиындықтар заңнамалық, қаржылық және технологиялық өзгерістерден туындап, жергілікті және жаһандық медиа нарыққа әсер етеді және медиа стратегиялары осы өзгерістерге қалай бейімделетінін қарастырады. Тақырыптық сессияларда: қоғамның назарын басқару, журналистер мен БАҚ-тың интернеттегі қауіпсіздігі, кибершабуылдар мен бұғат жағдайында жұмыс істеу, жасанды интеллекттің медиа саласына әсері, аз танылған бағыттағы БАҚ-тың табыс табу жолдары (мысалы, іскерлік басылымдар арқылы) және басқа да маңызды тақырыптар қарастырылады. Сонымен қатар қатысушылар инклюзивті журналистика бойынша мастер-классқа қатысып, дәстүрге айналған Михаил Дорофеев атындағы тәуелсіз медиа сыйлығын алады.
Конференцияны әдеттегідей "Қазақстандық Пресс-клуб" ақпараттық орталығы ұйымдастырады.
"MediaҚұрылтай бірнеше жылдан бері Қазақстандағы медиа саласының болашағы туралы кәсіби пікір алмасудың басты алаңы болып келеді. Қазіргі кезде индустрия технологиялық және экономикалық үлкен өзгерістерді бастан өткеріп жатқандықтан, мамандарды, журналистерді, бизнестің және мемлекеттің өкілдерін біріктіріп, тұрақты даму үшін жаңа модельдерді бірге іздестіру өте маңызды. Біз MediaҚұрылтай – 2025 дискуссиялары медиа саласына жаңа бағыттар көрсетіп, кәсіби қоғамдастықты нығайтады деп үміттенеміз. 27 қарашада әріптестермен пікір алмасып, кездесулер өткізуді асыға күтеміз!" – деп атап өтті "Қазақстандық Пресс-клуб" президенті Әсел Қараулова.
“Media құрылтай – 2025” ресми серіктесі – "Шеврон Мұнайгаз Инк." компаниясы. Конференцияны сондай-ақ өзге де мынадай компаниялар: KAZ Minerals Management, Astana Motors, Kusto Group, KCell, Geely Kazakhstan, AlmaU Медиа және кино мектебі, Internews Network Қазақстандағы өкілдігі, сондай-ақ Михаил Дорофеев атындағы сыйлықтың демеушісі – Еуразиялық банк те қолдады. Ал шараға ақпараттық қолдауды Naryk.kz, Stan.kz, Nur.kz және National Business басылымдары көрсетеді.
Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне мына сілтеме арқылы хабарласыңыз!
Қазақстандықтар RAMS Qazaqstan-дағы пәтерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр: Компания туралы не белгілі