Медеу Арынбаевтың ұлы көрікті келбетімен қыздарды ғашық етті (видео)
Медеу Арынбаев жалғыз ұлы Дәулеттің мектеп бітіргенін айтып, қуанышты жаңалығымен тыңдармандарымен бөлісті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жарынан айырылып қалғалы бері әнші ұл-қызын жалғыз өзі тәрбиелеп келеді. Дәулет пен Даянаны тәрбиелеу ісінде әжелері де қолғабыс етеді. Алайда балаларының көңілін қимайтын әнші екінші рет отбасын құрмады.
Айта кетейік, Арынбаевтың ұлы Дәулет қалың көрерменге әншінің “Балама тілек” атты бейнебаянынан таныс. Сол бейнебаяндағы кішкентай ғана балақан бүгінде ер жетіп, мектеп бітіріп отырған жайы бар.
“Кішкентай ғана қошақан еді, уақыт демде, көз тимесін”, “Медеу аға, ұлыңыз сондай сымбатты. Алла отбасыңызға бақ-береке нәсіп етсін”, “Қандай сұлу жігіт өзі, тіл-көзден аман болсын”, Балаңыз өзіңізден аумайды екен”, “Кішкентай бала еді, өсіп қалыпты”, “Клипіңізде кішкентай еді, үлкен жігіт болыпты, тфай-тфай”, “Дәулет дәу жігіт болыпты, тіл көзім тасқа”, – деп пікір білдірді желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың аналары (фото)
Әнші Әдемі итальяндық жігітін тастап, түркиялық кәсіпкермен көңіл қосты
Ғаділбек: Ата-анаңның разылығын алсаң, Алла жолыңды өзі ашады
Ернар Айдардың бозбала шақтағы суреттері жұртты сүйсіндірді (фото)