Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты
Мектеп бітіре салысымен сүйіктісімен түскен суретін жариялап, желіні шулатқан Дәулет Арынбаев көршінің қызына ғашық болып қалған. Бұл туралы Дәулеттің әкесі, әнші Медеу Арынбаев айтып берді.
Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Не болды сонша, қайда жүрсің?” десем: “Папа, алыста емеспін, осындамын”, – деген. Соған қарағанда достасып жүрген қызы алыс емес, көршілес, өзіміздің аулада тұрады. Сонысы маған жақсы болып жүр”, – дейді Медеу Арынбаев.
Бір қызығы, әлеуметтік желіде таралып кеткен сурет туралы Медеу Арынбаевтың өзі хабарсыз болып шықты. Себебі әншінің Instagram-дағы парақшасын өзі емес, көмекшісі жүргізеді екен.
“Мұндай суретті көрмеппін. Бірақ достасып жүрген қызының бар екенін білемін”, – дейді әнші ағынан жарылып.
Әнші ұл-қызымен еркін әңгімелесіп, сырласатынын тілге тиек етті. Сондықтан ұлым үйленемін деп жатса, бірінші өзіме айтатын шығар дейді ол.
“Арамызда аса бір қатал қарым-қатынас жоқ. Ашық әңгімелер айтамыз, қалжыңдасып жатамыз. Ұлым мен қызымды солай тәрбиелеп жатырмын. Арамызда әкенің парызы былай, баламен арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдай емес қой, қазіргі заманға сай болып жатқан сияқты. Ол кезде жеңгейтайлар болды ауылда. Оларға қалжыңдап, ата-анамызға жеткізіп жатты. Ал қазіргі кезде аса бір қорқатын, қаймығатын кез емес. Үйленетін болса тарс еткізіп: “Папа, осылай болып қалды”, – деп жүрмесе болды, Құдай сақтасын. “Абайла” деп қоямын, қалжыңдап болсын, жанамалап болсын жеткізіп жүрмін ғой. “Абайлап басыңдар қадамдарыңды, әлі өмір алда” дегенге келтіріп жатырмыз. Енді махаббат болып жатса ештеңе демейсің. Махаббатқа бәріміз бас иеміз, сенеміз”, – деп түйіндеді сөзін Дәулет пен Даянаның әкесі.
Жіберіп алмаңыз:
Нұртас Адамбайдың киносын ұрлап көрсеткен кәсіпкер 11 млн теңге төлеуі мүмкін
Қызын ұзатуға дайындалып жүрген Абай Бегей тойға миллиондап ақша жұмсайтынын айтты
Өліммен арпалысқан ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)