Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда медбикелерге шоколад сыйлау заңға қайшы ма?

Жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев қазақстандық медбикелерге сыйлық беру туралы сұраққа жауап берді.

de551d083a0b55d315998a1764cc6332_resize_w_1140_h_696

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

ҚР мемлекететтік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев мебдикелерге сыйлық беру заңды ма деген мәселенің басын ашып берді. Интернет-конференция барысында желі қолданушысы “медбикеге шоколад сыйлау заңды ма және ол үшін қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін?” деген сұрақ қойды.

Ішпекбаев атап өткендей, 247-қылмыстық бап мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, сондай-ақ басқару қызметі жоқ мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге тағайындалатын жазаны қарастырады. Өз міндетіне кіретін қызметті көрсеткені үшін сыйақы алған жағдайда қызметкер жауапқа тартылады. Бірақ бұл бапқа сәйкес, бес АЕК-тен арзан тұратын сыйлық алу қылмыстық құқықбұзушылық болып саналмайды. Мұндай жағдайға адамның міндетіне кіретін қызмет көрсету үшін алдын ала келісімсіз сыйлық ұсыну жатады.

“Демек, мемлекеттік қызметкер болмаса да, медбике ҚР ҚК 247-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін”, — деді Ішпекбаев берген жауабында.

Талқылау