"Медальдарды эмоцияға беріліп, көміп тастадым": Альберт Линдердің інісі қателік жасағанын айтты
Жақында мерт болған қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдердің інісі Семен Линдер өзінің қателігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның ағасы медальдарды көміп тастап, қателік жасағанын желідегі парақшасында айтты. Ол "медальдар естелік ретінде қалуы керек" еді дейді.
Жазбада Семен Линдер спорттағы қайғылы оқиғалар мен проблемаларға назар аударғаны үшін мемлекетке алғыс айтты.
“Мен эмоцияға беріліп, қателік жасадым. Олар жерде қалмауы керек. Медальдар менің ағамның естелігі болуы керек деп шештім. Оларды сақтап, балаларыма мақтанышпен айтып отырамын”, – деп жазды ол.
Еске салсақ, 17 қыркүйекте 26 жастағы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Ол жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”