Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медициналық мекемеге жатқызылды делінген Ерболат Құдайберген жаңа әнін таныстырды

Ерболат Құдайберген жаңа туындысын таныстырдыФото: instagram.com/erbolat.qudaibergen

Жақында ғана полиция қызметкерлері ұстап, наркологиялық бөлімге жеткізгені жайлы видеосы тараған әнші Ерболат Құдайберген жанкүйерлеріне жаңа әнін таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқырмандарына жаңа туындысын ұсынған. Ол жазбасында бұл әнді ақпаратқа көз жеткізбей жатып таратқандарға және хейтерлеріне арнағанын жасырмады.

“Сұхбатқа шақырып сөз көбейтпей, жауапты өлеңіммен қабыл алыңыздар. Ақкөңіл, шынайы уайымдаған тыңдармандарыма алғысым шексіз. “Ләтір-ләй” хейтерлер мен көз жеткізбестен менің атыммен видеоны шығарып отырған парақшалардың иелеріне арнаймын”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде әнші Ерболат Құдайбергеннің наркологиялық орталықтың жанында түсірілген видеосы тарады. Әртістің менеджері оның Ерболат Құдайберген екенін жоққа шығарса, полиция әншінің медициналық мекемеге жатқызылғанын растады.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026 11:22