Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

McDonald’s-та кісі өлімі тіркеліп, ішек таяқшасы 13 штатта таралды

Америкадағы McDonald’s желісінде ішек таяқшасы шығып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: myworktravel.com

Мәліметтерге сенсек, 13 штатта 75 адам улану жағдайы тіркелді, 22 адам ауруханаға жатқызылды. Ең көп науқас Колорадо мен Небраска штаттарында анықталды.

Нақты қандай өнімнің ішек таяқшасын тудырғаны әлі анықталған жоқ.

Сарапшылар бұған сиырдан жасалған котлет немесе пияз себеп болуы мүмкін деп есептейді. McDonald’s бұл өнімдерді мәзірінен алып тастады. Осындай жаңалықтарға байланысты компанияның акциялары бір апта ішінде 8%-ға төмендеді.



Еске салайық, бұған дейін 21 қазанда республикалық партияның АҚШ президенттігіне кандидаты Дональд Трамп Пенсильвания штатында McDonald's фастфуд желісінің қызметкері болып жұмыс істегенін жаздық. Трамп Фистервил қаласындағы McDonald's мейрамханаларының біріне келіп, алжапқыш тағып, бірнеше порция фри жасады. Сонымен қатар мекемеге келушілерге өз есебінен бірнеше тапсырыс берді. Алайда екі күннен кейін ішек таяқшасын жұқтырғандардың қатары көбейіп кетті.

Талқылау