Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілістің экс-спикерінің бауыры Ерлан Нығматулин Екібастұзда 92 миллиард теңгеге зауыт ашты

Фото: parlam.kz, YDD Corporation

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің егізі Ерлан Нығматулин Екібастұзда құны 92 миллиард теңге болатын жаңа зауыт ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі забарлайды. 

Жаңа EkibastuzFerroAlloys ферро-қорытпа зауыты жылына 240 мың тонна жоғары сапалы ферросилиций FeSi75 өндіру қуатына ие. Бұл өнім әлем бойынша болат, шойын және алюминий қоспаларын өндіруде қолданылады. 

EkibastuzFerroAlloys зауытының іске қосылуы Қазақстанды ферросилиций өндірісінде әлемдік деңгейде ең үздік екінші орынға шығаруға мүмкіндік береді.


Қаңтардан кейінгі отставка, зауыттағы жұмысшылар қазасы мен рейдерлік шабуылдар: Нығматулиндер отбасы туралы не белгілі


EGov деректеріне сүйенсек, Екібастұзда тіркелген EkibastuzFerroAlloys зауытының иелері ретінде Ерлан Нығматулин және Asterium Holding AG неміс компаниясы көрсетілген.

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстан Даму Банкі зауыт салуға 72 млрд теңге несие берген, бұл Нұрлан Нығматулиннің туыстарына тиесілі компанияларға берілген ең ірі несие екені хабарланды. Мәжілістің бұрынғы спикерінің отбасы мүшелеріне (ұлдары Нұрхан мен Нұржан Нұрлановқа, бауыры Ерлан Нығматулинге және құдасы Ғаббас Бектұровқа) тиесілі компаниялар алты рет қаржыландырылған. Несиелердің жалпы сомасы 161,9 млрд теңгеге жеткен. Олардың ішінде “Қазфосфат”, Жаңа Жаңбыл фосфор зауыты, EkibastuzFerroAlloys, Asia FerroAlloys, YDD Corporation және “Тұрғысұн-1” бар.

Еске салсақ, бұған дейін экс-спикер Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматутиннің үстінен іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған еді. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 20 Қараша, 2025 19:44
Талқылау