Мәжілісте қабылданған әрбір заң "AMANAT" фракциясының белсенді қатысуымен дайындалды
Фото: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі
Мәжілістегі VIII шақырылымының III сессиясында атқарылған жұмыс бүгін "AMANAT" партиясы фракциясының жиынында қорытындыланды. Депутаттар "Халықпен бірге!" сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ халық қалаулыларының сайлаушылармен кездесу мақсатындағы өңірлерге алдағы сапарына дайындық мәселелерін талқылады.
Мәжіліс Спикері, "AMANAT" партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, өткен сессияда фракция мүшелері 62 заңға бастамашылық етті. VIII шақырылымда заң жобаларына барлығы 5300-ден астам өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Мәжілістің жалпыотырыстарында 626 депутаттық сауал жолданды. Бұдан бөлек, бюджетті әрбір бекіту кезінде депутаттар өңірлерде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін 1,5 триллион теңгеге дейін түзетулер енгізілуіне қол жеткізді. Осылайша, нақты сайлауалды уәделер қаржымен қамтамасыз етілуде.
"AMANAT" партиясы Әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформаларды жүйелі жүзеге асыруда. Осы үшін біз Мемлекет басшысының бастамаларына заңнамалық қолдау көрсетіп келеміз. Оның барлығы экономика өсімін қамтамасыз етуге және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Жалпы, Мәжілісте қабылданған әрбір заң "AMANAT" фракциясы депутаттарының белсенді атсалысуымен әзірленді деуге болады", – деді ол.
Мәжіліс Спикері депутаттар заң шығару жұмысы барысында мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындауына, оның ішінде ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалау, тұрғын үй қатынасын жетілдіруге баса назар аударғанын атап өтті. Бұған қоса, жаңадан Бюджет, Су және Салық кодекстері қабылданды.
Ерлан Қошанов азаматтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған партиялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.Атап айтқанда, "Жер аманаты" комиссиясы 12,5 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Қ
Өз кезегінде, Мәжілістегі "AMANAT
Мәжіліс Спикері фракция депутаттарына шекара маңындағы аудандарды, саяжай кооперативтерін дамыту мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу жұмысын жеделдетуді тапсырды. Олар келесі сессияда Мәжіліске енгізіледі.
Сонымен қатар ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға, ауылдық жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуға және инклюзивті ортаны қамтамасыз етуге бағытталған "Baquatty audan" пилоттық жобасының тәжірибесін бірқатар ауданда тарату жоспарлануда. Сондай-ақ депутаттар жастар жұмыссыздығы мәселесін шешу бойынша жеке жоба әзірлеуге ниетті. Бұл – әсіресе Жұмысшы мамандықтары жылы өте өзекті.
Жиын соңында Мәжіліс Спикері өңірлерге алдағы сапар

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
