Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы таныстырылды

30 қазанда мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған респбуликалық бюджет жобасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сәйкес аталған кезеңде жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 5,4% болады деп жоспарланған. Ал номиналды көлемі 2025 жылы 150,8 триллион теңгеден 2029 жылы 234,2 триллион теңгеге дейін өседі деп болжанған. 

Жылдық инфляция 2025 жылы 5,5-7,5% аралығында болып, 2026 жылы 5-6% шегінде, 
Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2025 жылы – 5,5-7,5% болып, 2027-2029 жылдары 5%-ға дейін төмендейді деп айқындалған.

“Болжамға сәйкес 2025 жылға арналған республикалық бюджеттің кірістер болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 15,6 триллион теңге сомасында айқындалған немесе 2,9 триллион теңгеден аса отырып, биылғы бағалауға қатысты 122,8% болады. 2025 жылғы республикалық бюджеттің кірістерінде ең көп үлес салмаққа (97,2 %) салық түсімдері ие болып отыр. Олардың едәуір үлесі қосылған құн салығы (42,8%) мен корпоративтік табыс салығы (33,5%) түсімдеріне тиесілі”, – делінген депутат Татьяна Савельеваның баяндамасында. 

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдері:

  • 2025 жылы – 3 992 655 мың теңге, 
  • 2026 жылы 2 742 880 мың теңге болады.
  • 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт көлемі жыл сайын 2 триллион теңге болмақ.

Ал Ұлттық қордан 2025 жылы 3,2 триллион теңге трансферт тартылмақ.

Ал үш жылдағы бюджет шығындары келесідей болмақ: 

2025 жылы – 25,7 триллион теңге;

2026 жылы – 23,1 триллион теңге;

2027 жылы – 24,5 триллион теңге. 

Шығындар жалпы сомасы 72,5 триллион теңге (2025 жыл 
– 25,1 триллион теңге, 2026 жыл – 22,9 триллион теңге, 2027 жыл – 24,3 триллион теңге) көлемінде жоспарланған. 

Талқылау