Мәжіліс спикері Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сұраққа жауап берді
Парламенттің төменгі палатасының спикері Ерлан Қошанов Мәжілістің құрамында депутат Жигули Дайрабаевтың болуына байланысты оның беделіне ешқандай нұқсан келмейді деп санайды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сот үкімі шыққан еді.
“Заң тұрғысынан Жигули Дайрабаевқа сұрағым жоқ”, – деді мәжіліс спикері.
Осыдан кейін журналистер Ерлан Қошановтан мәжілістің беделі осыдан зардап шегеді ме деп сұрады.
- Дайрабаевтың басынан дау кетпеді: Оның отставкасын талап еткен петиция жарияланды
- Жигули Дайрабаев тағы дауға қалды: Мәжілісмен Жамбыл облысындағы жайылымдық жерді банкке миллиардтаған ақшаға кепілге қойған
“Ешқандай нұқсан келмейді деп есептеймін”, – деп жауап берді Қошанов.
Бұған дейін "Ауыл" партиясының мүшесі Жигули Дайрабаевтың үш ұлының түрлі уақытта алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болған. Бір қызығы, депутаттың бір ұлына қатысты іс ақталмайтын негізде қысқартылды, яғни депутаттың үш ұлы да алаяқ болып шықты.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық