ҚР Парламентінің Мәжілісі таратылып, депутаттарды кезектен тыс сайлау уақыты белгіленді
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін таратты. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Онда Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау мерзімі 19 наурыз деп бекітілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалсын.
5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінді құжатта.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейтіні айтылған.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"