Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан ҰҚШҰ-дағы комиссияны басқармақ

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясының саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Тұрақты комиссиясының төрайымы болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл шешім бүгін, 27 наурызда ҰҚШҰ-ның кезекті отырысында қабылданды. Қазақстандық депутаттың кандидатурасын ұйымға мүше барлық елдің өкілдері қолдады.
Мәжілісте Айгүл Құспан халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарады.
Астанада депутат Айгүл Құспан Франция президентін таңғалдырды
Енді Айгүл Құспан басқаратын комиссия ұйымға мүше елдердің парламенттері арасындағы сыртқы саясатты үйлестіруде негізгі рөл атқарады. Комиссияның құзыретіне аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті күшейту, басқа халықаралық ұйымдармен парламентаралық диалогты дамыту, сондай-ақ геосаяси өзекті мәселелер бойынша бірлескен тәсілдер әзірлеу кіреді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі