Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майра Ілиясова Мейрамбектің туған күніне оққағарымен бірге келді (фото)

Майра Ілиясова соңғы кездері жалғыз жүрмейтін болыпты. Әнші Мейрамбек бауырының тойына жаңа оққағар жалдап келген екен.

14

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Бірнеше күн бұрын Мейрамбек Бесбаев 40 жасқа толған туған күнін дүркіретіп тойлады. Аталған мерейтойға өнердегі барша әріптесі келді. Олардың арасында Майра Ілиясова да бар. Әнші жиынға өзінің оққағарымен бірге келген. “Оққағарымды байқап тұрсыңдар. Жаңа мына жерде бізді қаға жаздаған бірнеше көлікті қолымен итерді. Иә, Жасұлан? Өйткені, біз бүгін өте жақсы көретін бауырымыз, қазақ өнерінің мақтанышы, қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын әншінің тойына келіп отырмыз”, – дейді Майра Ілиясова. Десе де, бұл әншінің әзілі болса керек.

Мейрамбек Бесбаев қоңыр даусымен ғана емес, туған күнін жасаумен де ерекшелене түсті. Алайда мұның барлығын журналистерге көрсетуден бас тартты. Десе де, кей әнші той залының сыртында тұрып әншіні көгілдір экран арқылы құттықтауды жөн көрді.

“Жүрегімізді қолымызға ұстап, өзіміздің досымыз, қазақ елінің сүйікті әншісі, жүректі әншісі, дара ұлы, нағыз азаматы, біз ерекше құрметтейтін Мейрамбегіміз бүгін 40 жасқа толып отыр. Сол қуанышқа ортақтасып, оны бөлісуге арнайы келіп отырмыз. Көңіл-күйіміз тамаша! Биыл Мейрамбекті танығаныма 25 жыл толады екен”, – дейді Қарақат Әбілдина.

Келіншегінің бұл сөздерін Қыдырәлі Болманов та қоштай түсті. Ол да өз кезегінде жылы лебізін жеткізді. “Көп жыл бойы бірге келе жатырмыз. Шоу бизнестің қиындығын да, жеңісі мен жемісін де бірге бөлісудеміз. Құдайға шүкір, біздің мүддеміз бір. Мейрамбек секілді табиғи талантты әншілердің берері мол. Біз әскерде бірге қызмет еткен бауырлардаймыз”, – дейді Қыдырәлі Болманов.


Жіберіп алмаңыз:

Айша: Бүркітті мүлдем қызғанбаймын. Оған толықтай сенемін

Арман: Маған қыз сыйлаған Ашаға міндетті түрде сыйлық болады

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Ерке Есмахан: Ұлымды ойлағандықтан әкесіне қатысты көп жайтты жасырып қалдым

Талқылау