Майкл Джексонның әнін хормен айтқан Болмановтың ұлдары жұртты тәнті етті (видео)
Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін Қыдырәлі Болманов ұлдарына Майкл Джексонның Жаратқан туралы әнін үйретіп, жұртты тәнті етті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Желіде пайда болған видеода Қыдырәлі мен Қарақат балаларымен бірге алыс жолға сапарлатып барады. Жол үстінде жұлдызды жұптың ұлдары поп-музыка патшасы Майкл Джексонның Жаратқан туралы әнін айтып, ата-анасын разы етеді.
Ұлдарының әнді тез қабылдап, жаттап алғанына тәнті болған Болманов:
“Майкл Джексонның Жаратқан туралы айтқан әнін Алла бере салғандарымыз бірден жаттап алды… Барлық балаларды Алла тіл-көзден,қауіп-қатерден сақтап,жүректерін иман нұрымен нұрландырсын!” – деп жазды.
Ал желідегілер балалардың тіл-көзден аман болуын тілеп, Болмановтар жанұясына деген ақжарма тілектерін жеткізді.
“Сақ болыңдаршы әйтеуір, отырыс ыңғайсыз екен”, “Жол ережелерін бұзбасаңыздар былай жақсы”, “Үлгілі отбасы деп осыны айт”, “Отбасыңызға бақыт тілеймін”, “Жаттап алғандарын қара, жарайсыңдар”, – деп тамсанды желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Тәуекел: Әйелімді де, балаларымды да жасырмаймын
Димаш Шанхайда Дәулеткерейдің күйін орындап, домбырасын жанкүйеріне сыйлады (видео)
Динара Қырықбаева екінші сәбиіне жүкті екенін айтып қалды
Баян Мақсатқызы қазақ әжелерін 91 жастағы гимнасттан үлгі алуға шақырды (видео)