Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәйіттері үш түрлі жерден табылды": АҚШ-та белгісіз жағдайда қырғызстандық отбасыны өлтіріп кеткен

АҚШ-та Қырғызстаннан келген отбасыны аяусыз түрде белгісіз жағдайда өлтіріп кетті. Ерлі-зайыпты мен олардың бес жасар ұлының денелері әртүрлі жерлерден табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аzattyk.org порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото әлеуметтік желілерден алынған

Оқиға 8 наурызда белгілі болды. Мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыптылар Бермет Анварбекова мен Азамат Доронбеков және олардың бес жасар ұлы Иллинойс штатындағы Орора қаласында тұрған. Ерлі-зайыптылар АҚШ-қа 15 жыл бұрын көшіп келген.

Азаматтың інісі бұл ақпаратты растады.

"Ағам мен оның әйелі 2011 жылы АҚШ-қа кетті. Олардың жеке үйі болды. Біз олардың өлтірілгені туралы бірнеше күн бұрын білдік. Бала бес жаста еді, биыл алты жасқа толар еді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзім Бішкекте тұрамын. Қырғызстанның АҚШ-тағы елшілігі мен консулдығы бізге көмек көрсетіп жатыр", – деді ол.

Азамат Доронбеков 45 жаста, ал әйелі Бермет Анварбекова 47 жаста болған. Ерлі-зайыптылардың әлеуметтік желісінде олардың логистикалық компанияны басқаратыны көрсетілген.

АҚШ-та тұратын қырғызстандықтар қаза тапқандардың мәйіттерін отанына жіберуге дайындықты бастады. Бұл туралы Чикагодағы Қырғыз елшілігінің жетекшісі Омар Жүсіпбеков мәлімдеді.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Біз белгілісі күйеуі, әйелі және баласы бөлек өлтірілген. Мәйіттер үш түрлі жерден табылды. Бала үйде, ал ата-анасының денесі басқа жерден табылды. Қазір қаражат жинау туралы хабарландыру жасадық. Олардың денелерін Қырғызстанға жіберу процесін бастаймыз. Туыстары көмекке мұқтаж", – деді Жүсіпбеков.



АҚШ-та тұратын қырғыздардың айтуынша, ерлі-зайыпты өз отандастарының іс-шараларына белсенді қатысқан. Бермет Анварбекованың әлеуметтік желілерде Қырғызстандағы түрлі қайырымдылық іс-шараларына қаражат жинаған кездегі фотоларын салған. 

Журналист Гүлайым Мырзаева Бермет Анварбекованың жақын танысы екенін айтты. Ол оны батыл және патриот әйел ретінде еске алды.

"Ол өте ашық және мейірімді адам болды. Біз хат жазысып, сөйлесіп жүрдік. Ол әлеуметтік желілерде де белсенді болды. Бірақ кейінгі уақытта жоғалып кетті. Бізде әлі не болғанын білмейміз. Бір нұсқа тонау десе, екіншісі оны таныстарының бірі жасады дейді. Берметтің телефонынан оның туыстарына олар Мексикаға бара жатқанын және бірнеше күн байланысқа шықпайтынын жазған. Сондықтан оларды ешкім іздемеген. Олар бұрын Филадельфияда тұрған. Мен кейінірек көшіп, үй сатып алғанын естідім", – деп еске алады Мурзаева.

Талқылау