Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майғазиев: Тоқтар Серіковтің сағат сыйлаймын деп аузынан қағылғаны бар

Сәкен Майғазиев жанында жүрген жолдастарына жиі ұялы телефон тарту етеді екен. Ал қымбат әрі қомақты сыйлығымен алғаш рет өнерге баулыған ұстазын қуантқан.

14073158_169879153448269_741937802_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Жаман бергенін айтады деп жатады ғой. Әзірше жаман бола тұрайын. Алғаш рет қымбат сыйлықты өзімнің ұстазыма тарту еткен болатынмын. Рия болсын деп емес, үлгі болсын деп айтып жатырмын. Бір күні баласы екеуінің бір көлік мініп жүргенін байқап қалдым. Артынша автокөлік тарту еттім”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Тоқтар Серіков әншіге сағат сыйлаймын деп артынша бұл уәдесін орындамай кеткен. Сәкен Майғазиев оның бұл уәдесін тойлардың бірінде есіне түсіруге мәжбүр болыпты.

“Тоқтардың сағат сыйлаймын деп аузынан қағылғаны бар. Артынша бұл туралы ұмытып кетті. Сосын тойлардың бірінде қалжыңдап есіне түсірмек болдым. Қарыз болып қалмасын деген оймен Тоқтарға “Сағат қанша болды?” деп күлдім. Бейбіт “Сен Сәкенге сағат сыйлаймын деп едің ғой” деп Тоқтарды түртті”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Сол сәтте Тоқтар қатты қысылып, қолындағы сағатын шешіп берген екен. Алайда Сәкен бас тартқан. Енді бұл уәдесін болашақта орындар деген үмітпен жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді

Майғазиев: Өз қандастарымыздың ұрпақтарын өзекке тебетініміз өкінішті

Жұрт 20 жыл бұрынғы Сәкен Майғазиевті Ninety one әншісіне ұқсатты (видео)

Майғазиев: Батырхан Шүкенов “ішімдік ішкен әйелден жеккөретінім жоқ” деуші еді

 

Талқылау