Матч кезінде сыра ішкен футболшы соңғы минутта гол салды (видео)
Болгариялық “Верея” клубының қорғаушысы Иван Бандаловский матч кезінде сыра ішті.
Оның командасы ел чемпионаты аясында “Левскиге” қарсы ойнаған. 29-минутта жанкүйерлердің бірі алаңға сыра банкасын лақтырған. Ал Иван болса оны бірден көтеріп алып, бір ұрттап қайта лақтырады.
Бұл кезде матчтағы есеп 0:1 есебімен “Левскидің” пайдасына шешіліп жатқан болатын. Ойынның 93-минутында Иван есепті теңестіріп кетті. Ал пенальти сериясында “Верея” 9:8 есебімен жеңіске жетті.
Оқи отырыңыз:
Геннадий Головкинді туған жері Қарағандыда қалай қарсы алды? (видео)
Қанат Ислам IBF рейтингінің үштігіне енді
Талқылау