Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуліктер Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өткізеді

Мамыр айының 25 күні Мәскеуде Батырханның достары әншіге арнап концерт өткізбек. Концерттен жиналған қаржы марқұмның баласына табысталады.

image

Фото: instagram.com/batyr_official/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Батырхан Шүкеновке арналған шара Crocus City Hall концерт залында өтеді. Аталған концертке “А’студио”, Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Роза Рымбаева, Хибла Герзмава, Алексей Глызин, Игорь Саруханов, Ева Польна, Стас Пьеха, Алексей Чумаков, Еркеш Шакеев, Денис Клявер, Илья Зудин,”Моральный кодекс”, “Самоцветы”, “НАОМИ”, “ПМ” топтары, Владимир Ковалёв және Роман Кошкаров қатысады. Мұнымен қатар, концерттен жиналған қаржы марқұм әншінің ұлы Мақсұтқа беріледі.

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Өзінің мансап жолын әнші Роза Рымбаеваның саксафоншысы болудан бастаған. 1988 жылы “Джулия” хитін халыққа паш ектен А’Студио тобының фронтмені болып сайланады. Алла Пугачеваның “Рождестволық кездесулерінен” кейін халықтың көзайымына айналады. “Ақ өзен”, “Тоқта түн”, “Махаббат сарбазы”, “Жаздың жылы кештері”, “Сүйгенім емес” сынды композицияларын барша халық сүйіп тыңдайды. Әнші 2015 жылдың 29 сәуірінде дүниеден озған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Көктөбеде Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылатын орынның таңдалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау