Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде төрт жасар баланың басын кесіп алған күтуші әйел жауапкершіліктен босатылды

Мәскеу соты төрт жасар қыздың басын кесіп өлтірген Өзбекстан тумасы Гүлчехра Бобоқұлованы қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

1098134

Фото: Григорий Сысоев

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бала өліміне кінәлі деп айыпталған Бобоқұлованы сот психиатриялық емделуге жіберген. Тергеу дерегі бойынша, қанды қылмыс ақпан айында Мәскеу қаласында болды. Өзбекстаннан келген бала күтуші үйде үлкендер жоқ кезде, төрт жасар баланы өлтіріп, үйді өртеп қашып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, әйел ұсталамын дегенше 20 минуттай уақыт баланың кесілген басып ұстап алып көшеде жүрген. Қылмыстық іс аясында кешенді стационарлық психо-психиатриялық сараптама тағайындалған. Нәтижесінде 39 жастағы Бобоқұлованың созылмалы психикалық аурумен ауыратыны анықталған.

Ол “кәмелетке толмаған адамды өлтіру”, “Өртеу арқылы біреудің мүлкіне зиян келтіру” және “Жарылыс жасау туралы жалған ақпарат тарату” баптары бойынша айыпталған еді.

Оның аудармашысы айыпталушының бала өліміне кінәлі екенін мойындағанын айтты.

Айта кетейік, 29 ақпанда Мәскеуде Гүлчахра бала күтуші болып жұмыс істеген Бобокулова сол отбасының 4 жастағы қызын бауыздап өлтіріп, басын кесіп алған еді. Соңынан қылмысын жасыру үшін үйді өртеп кеткен. Кейіннен полицейлер оны көшедегі метро маңынан ұстаған. Ол қыздың басын пакетке салып алып өзімен бірге алып  жүрген болатын. Куәгерлер қанішер бала бағушының көшеде жүрген сәттегі әрекеті жөнінде айтып берген еді.

Талқылау