Мәскеуде өтетін сән апталығында Балнұр Асанованың топтамасы көрсетіледі
Наурыздың 22-27 аралығында Мәскеу үкіметінің қолдауымен, жоғарғы сән қауымдастығы мен қонақүйлер ауласы ААҚ Мәскеуде сән апталығын өткізбек (Moskow FashionWeek). Онда ең таңдаулы дизайнерлердің қолынан шыққан «2016-2017 күзі мен қысына» арналған топтамалар көрсетіледі.
27 наурыз күні 16:00 шамасында «Хрустальный» подиумында қазақстандық «Сымбат» сән академиясының топтамасы көрсетіледі.
Онда белгілі дизайнер Балнұр Асанованың қолынан шыққан үздік туындылар халық назарына ұсынылады.
Балнұр Асанова- отандық алдыңғы қатарлы дизайнерлердің бірі. Мәскеудегі сән апталығында осы жылдың күзі мен келер жылдың қысына арналған топтама әзірленген. Жылы киімдердің барлығы қолмен тоқылған. Ондағы көйлектердің әр қайсы ерекше тоқыма ситилі пайдаланыла отырып үйлесімді түстер таңдалған. Киімдердегі өрнектердің барлығы белгілі дизайнердің таңдауына сай жасалған. Ол ерекше әрі ешкімді қайталамайтын киім үлгілерін тігіп,тоқу барысында бүгінгі сәнге сай кең әрі ірі тоқыма түрлерін пайдаланған.
Талқылау