Мәскеу тұрғыны XVI ғасырдағы көне Құранды тауып алды
Мәскеу тұрғыны Анашка Хаджимурадова күтпеген жерден XVI ғасырдағы Құран кітабын тауып алды.
Анашка Хаджимурадова атасы қайтыс болғаннан кейін оның кейбір заттарын сақтап келген. Сақтаған заттардың арасында көне кітап та болған. Әйел кітаптың мұқабасына қарап оның ежелгі екенін байқайды. Сосын оны аукционға қоймақшы болғанда, бағалаушылар Құранның құнын миллионға бағалаған.
«Екі рет сараптама жасаттық, оның екеуі де Құранның XVI ғасырдың басына тиесілі екендігін растады. Оның ішінде Құранның кімге, қашан берілгендігі жазылған парақша бар, – дейді Анашка Хаджимурадова.
Мәскеу тұрғыны Лондонда бұл Құранға 12 миллион ұсынғанын кейін, бағаны 45 миллионға дейін көтеру туралы сөз болғанын айтып өтті.
Алайда ол бағалы кітапты сатып, пайда тапқысы келмей Құранды мешітке сыйға тартуды ұйғарады.
«Ақшамен бақыт сатып ала алмайсың, біз сатудан бас тарттық. Оны сыйға тартуды жөн санадық. Мешітке кез келген уақытта барып, Құранды көруге болады. Балаларыма және туыстарыма көрсетуге мүмкіндік бар. Себебі, ол жерде кітап ұзақ уақыт бойы сақталады, – дейді кітаптың иесі.
“Құран көне кітап, қолмен жазылған. Оны Сирияда жасаған. Оның еш өзгеріссіз сақталғанына бәрі қайран қалуда», – дейді ол.