Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу-Алматы бағытындағы ұшақ ақау шығып шұғыл қонды

Мәскеу-Алматы бағытында келе жатқан жолаушылар ұшағы тежеу ​​жүйесіндегі техникалық ақау туралы сигналдан кейін Шереметьево әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

Зардап шеккендер жоқ.

Sukhoi Superjet ұшағының бортында экипажды қоса алғанда 64 адам болған.

"Мәскеу-Алма-Ата рейсі ұшу барысында оң жақ тежеу ​​жүйесінің істен шыққаны туралы хабарламаға байланысты Шереметьево әуежайына қайта оралды", - деді төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, ұшақтың қонуы қалыпты режимде өтті, зардап шеккендер жоқ. Оқыс жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Талқылау