Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маскүнем дәрігерлерге ем-домды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді

55 жастағы ер адам маскүнемдіктен айыға алмай жүргенін айтып, мамандардан көмек сұрады. Мұнымен қатар, ол нарколог мамандарға ем-дом шараларына қатысты ескерту жасады.

льо

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

“Туыстарым менімен жақынырақ араласуға тырысады. Бірақ, керісінше, мен олармен араласуға ұяламын. Мысалы, 22 наурыз күні Қосшыдағы апамның үйіне жиналып, туысқандарыммен, құдаларыммен уақытты жақсы өткіздік. Жалпы ішімдік ішуіне қарап адамдарды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топтағылар ішкісі келген кезде ғана ұрттап, өзін дереу тоқтата алады. Екіншілері өздерінің еркінен тыс ішеді. Өзімді осы екінші топқа жатқызып, маскүнеммін деп айта аламын.

Нарколог мамандар менің келесі сөздерім үшін ренжімесін. Олар, бірінші кезекте, біздің тәнімізді емдегілері келеді. Өкінішке орай, ішкі рухани жағдайды аңғармайды. “Шайтан азғырады” деген сөз бекер айтылмаған. Адамдар бекер ораза ұстап, намазға жығылмайды. Осының барлығы күнәға қарсы шығуға рухани күш береді. Мен өзімді күнәһарлардың қатарына жатқызамын. Жалынып-жалбарынып Алладан күш-қуат сұрамаса, адамның өзінің күші жетпейді.

Бір кездері 5 жылға кодировка салдырған болатынмын. Бес айға толмастан ішімдікке салынып кеттім. Наркологиялық орталықта бір ай бойы жатып емделген болатынмын. Маған масаю үшін 500 грамм жеткілікті. Дәл қазір дәмханада электрик болып жұмыс істеп жүрмін. Үйімнен айырылып, сол жұмыс орнымда түнелтіп жүрмін. Араласатын ортамда маскүнемдер көп болғандықтан, ақ суды солар алып беріп жүретін. Бірақ, бір айдан бері ішімдікке жақындап жүрген жоқпын. Бір кездері жеңіл атлетикамен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанған едім”, – дейді Серік Жаңабаев.

Бағдарлама қонағы Марат Омаров Серік мырзаны ішімдіктен аулақ болуға шақырып, оған маскүнемдіктен айығудың жолдарын ұсынды.

“Ең алдымен, ішімдік ішуіңнің себебін анықтау керек шығар. Кеңес одағы кезінде көптеген аталарымыз ішімдікке салынған болатын. Бұл қанмен келетін нәрсе емес пе? Егер отбасыңызда барлығы салауатты өмір салтын ұстанған болса, неге оны жеңе алмайсыз? Спортпен айналысып, белгілі бір қызығушылықтар табуға болады ғой. Жалпы барлығы ортаға байланысты деп бекер айтып отырған жоқпын. “Тәні саудың – жаны сау” деп бекер айтылмаған. Сол себепті, рухани бай адамдармен араласуға тырысыңыз”, – дейді әнші Марат Омаров.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

21 жастағы студент болашақта тек танымал адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Күйеуі белдікпен сабаған жүкті әйел төркініне қайтуға ұялып жүр

Жас келіншек өзін кінәлауға дайын тұратын қайын әпкесі туралы айтып жылады

Өзгені сүйіп қалған жас келіншек күйеуімен қайтып айырылысарын білмей жүр

Талқылау