Мәсімов, Жақсыбеков, Мұхамедиұлы Астанадағы марафонда жүгірді (фото, видео)
27 тамызда мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы халықаралық марафонға қатысты.
Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында жазды. Министрдің жазуынша, марафонға 6000-ға жуық адам қатысқан. Көптеген тілек білдірушілер бәйгеге тіркеусіз қатысыпты.
“Тілек білдірушілер саны екі есе көп болды, олар ерекше атмосфера қалыптастырды. Шараға қатысушылардың барлығын бірдей тіркеу мүмкін болған жоқ. Ең бастысы – қатысу. Менің ұлым Димаша та солай тіркеусіз жүгірді”, – дейді министр.
Сонымен қатар, марафонға ҚР президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов және олимпиада чемпионы Александр Винокуровтар қатысқан.
“Қалалықтар, паралимпиадашылар, олимпиада чемпиондары – Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Елена Хрусталева, Дмитрий Карпов, Болат Жұмаділов, Данияр Елеусіновтер қатысып, біздің шараны қолдады. Бүгін келіп қатысқан барша адамға алғыс білдіремін”, – деді Мұхамедиұлы.
Оқи отырыңыз:
Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты
Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты
Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек
Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды