Mars компаниясы Алатау қаласында 180 миллион долларға зауыт салады

Қасым-Жомарт Тоқаев Mars компаниясының бас атқарушы директоры Пол Вайраухты қабылдады. Компания Қазақстанның жас қаласында үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Mars компаниясы арасында жалпы сомасы 180 миллион долларға жуықтайтын инвестициялық келісімге қол қойылғанын құптады.
“Бұл уағдаластық маңызды стратегиялық серіктестіктің бастауы саналады және Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін көрсетеді”, – деді мемлекет басшысы.
Жоба аясында Mars компаниясы Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салады. Өндіріс орны агроөнеркәсіп шикізатын терең өңдеуге және қосылған құны жоғары тауар өндіруге септігін тигізеді.
Пол Вайраух өзара тиімді инвестициялық келісімді жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол аталған бастама Mars компаниясының өндірістік әлеуетін кеңейтуге және Орталық Азия мен көршілес аймақтар нарығына өнім шығару көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін