Марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмаған
Талғарда өлтірілген жасөспірім Шерзат Полаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Әлеуметтік желіден
Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.
"Тергеу жалғасуда. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері туралы қазір ештеңе айта алмаймын. Қандай да бір ақпарат пайда болған кезде, бірден жарияланады деп ойлаймын. Қазірше табылған жоқ. Бұл туралы ешқандай ақпаратым жоқ", – деді Шындалиев.
Бас прокурордың орынбасары Шерзат Полаттың өлтірілуіне қатысты қылмыстық іс бойынша қазір прокурорлар айыптау актісін дайындап жатқанын атап өтті.
-
Желіде Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталғандардың түрмеде туған күндерін тойлаған видеосы тарады
-
Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе 117 адамнан жауап алынды – Бас прокуратура
"Қылмыстық тергеу толықтай аяқталды. Іс прокуратураға зерттеу және айыптау актісін әзірлеу үшін тапсырылды. Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығын толықтай тексеріп жатыр, тексеріс нәтижесінде іс сотқа жіберілуі туралы шешім қабылданады. Бірақ мен нақты күнін айта алмаймын, себебі заң бойынша мұндай шешімдер әдетте 10 күн ішінде қабылданады, алайда күрделі немесе көпэпизодты істерде прокурорға бұл шешімдерді ай ішінде қабылдауға мүмкіндік беріледі", – деді Шындалиев.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталып, іс прокуратураға жіберілген еді.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Жергілікті билік отбасына уақытша баспана мен тәулік бойы күзет берді. Сондай-ақ әкімдік үйді қалпына келтіруге уәде берді.