Марқұм Шерзат Полаттың әкесінің қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды
Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, Қаржаубай Нұрымов желтоқсан айының соңында бостандыққа шығуы тиіс.
"Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі 15 тәулікке қамауға алынған еді. Сот шешімі бойынша ол мерзімі аяқталған соң – осы айдың соңында босатылады", — деді вице-министр.
-
"Елде жемқорлық өршігенін айтқан": Марқұм Шерзат Полатқа рэп арнаған блогер айыппұл арқалады (видео)
Вице-министр Шерзат Полаттың өліміне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалғанын, іс материалдары осы жылдың соңына дейін екі тарапқа да танысу үшін берілетінін айтты. Шерзаттың өліміне қатысты 11 адам қамауға алынған.
Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Осы жайттан соң Шерзаттың ашынған әкесі журналисттердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне қол жұмсайтынын айтқаны үшін ұсталған еді. Қаржаубай Нұрымов “бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды.