Марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: Stan.kz
Шерзат Полаттың қайтыс болған ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Істің тоқтатылғаны туралы жәбірленушілердің отбасылық адвокаты Мейірман Шекеев өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
Бұған дейін алдын ала мәлімет бойынша ол өзін өзі өлтіргені айтылып, қылмыстық сипатқа тән қандай да бір белгілер анықталмағаны хабарланған еді. Дегенмен отбасы адвокаттары істі қайта тергеу туралы өтініш бермек ниетте.
Сондай-ақ Шекеев Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша апелляциялық сот отырысы 18 тамыз күні Алматы облыстық сотында өтетінін хабарлады.
Шерзаттың қазасына қатысты сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелдімен бастапқыда бірге жұмыс істеген, бірақ Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты "өзі асылып өлді" деген сөзіне келіспей, арақатынас үзілген. Ол адвокат Мейірман Шекеевке жүгініп, істі қайта қолға алуға ықпал еткен. Іс бастапқыда "Адам өлтіру" бабымен тергелгенімен, кейін "Бұзақылыққа" өзгертілген. Нұрымов Нұрқанаттың өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді және істің қайта қаралуын қалайды.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
