Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Марқұм күйеуін ойлап тұр": Желіде актриса Әлия Әнуарбекке сырға салу рәсімінің видеосы тарады

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында актрисаның сырға салу рәсімінен видео жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көпшілік актрисаны екінші рет тұрмысқа шығып жатыр деп болжады. Кейбірі марқұм жолдасына арнап, кино түсіріп жатыр деген пікір айтты.

"Сүйінші, ағайын! Әлия Әнуарбек Торғай елінің келіні атанбақ", – деп жазды Мөлдір. 


  • "Сүйген адам ешқашан сатқындық жасамайды": Әлия Әнуарбек бақытты жар болудың құпиясын айтты

  • "Өзгелермен дұрыс сөйлесе алмаған жігіт сізді де құрметтемейді": Әлия Әнуарбек ғашық қыздарға кеңесін айтты


Желі қолданушылары актрисаның бірінші күйеуін ойлап, көңілі құлазып тұрғанын жазып жатыр.

"Дұрыс, күйеуінің қайтыс болғанына біраз болды. Әр адам бақытты болуға лайық", "Кино сияқты, бұл қыз әлі бірінші күйеуін ұмытпаған", "Бағы жансын, бірақ неге көңілсіз", "Жаным, жабырқап тұр ғой", "Марқұм күйеуін ойлап тұр", – деп жазды көпшілік. 

Актрисаның өзі бұл жаңалыққа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Оның әлеуметтік желідегі парақшасынан "Бақыт құшағында" атты фильмге түсіп жатқанын байқауға болады. Сондықтан желіде тарап жатқан видео кино сахналарының бірі болуы да мүмкін.

Еске сала кетейік, Әлия Әнуарбектің күйеуі 2020 жылы қайтыс болған еді. Олардың ортақ екі қызы бар.

@moldir.mt3 #мөлдірмахаббатпен #мөлдірмұқанова #rec #алияануарбек ♬ оригинальный звук - Moldir.Mt
Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 10:42
Талқылау