Марқұм анасына ән арнаған Ақбота-Нұр елді жылатты (видео)
Ақбота-Нұр Сейтмағамбет марқұм анасына деген сағынышын әнмен жеткізді. Өнер иесі "Таңғы хабар" эфирінде "Анаға сағыныш" әнін орындап, жанкүйер жандарды жылатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнді орындау барысында Ақботаның көңілі босап, көзіне жас алып қалды. Әріптесінің толқығанын көріп, әріптесі Шерхан оған қолдау білдірді.
Ал эфирді тамашалаған жанкүйерлер тобы Ақботаның әнін тебірене тыңдағандарын атап өтіп, оған қолдау сөздерін білдірді.
"Ән керемет, орындауы тамаша. Жүрегім қақ айырылғандай болды ғой тыңдап отырып", "Мен жыладым, өте әдемі орындау, рахмет саған сіңлім", "Жүрегіңнен сенің айналайын, бағың ашылсын", "Барлық аналар аман болсын", "Анаңдай болатын ене жолықсын" деді оқырмандар.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық