Марқұм анасын еске алған Ақбота Сейтмағамбет жұртты жылатты (фото)
Иә, ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Бұл сөздің мән-мағынасын КешYou-дің экс-әншісі Ақбота Сейтмағамбет жақсы түсінеді. Себебі ол жастай анасынан айырылып қалған. Ал бүгінде өзі де ана атанып отырған Ақбота анасын қатты сағынып жүрген ұқсайды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ақбота бала күнінде ата-анасымен бірге түскен суретін жариялап: “Анашым… Сағындым… Туған күніңмен… Жанымда болғаныңды қалап едім”, – деп жазды.
Мұны көрген желі оқырмандары әншіге басу айтып, сабыр тіледі.
“Боташым, сенімен біргеміз, жыламашы”, “Жатқан жері жайлы болсын”, “Анаң көрмей кеткен жақсылықтарды сендер көріңдер, мұңаймашы”, – деп жазды желідегілер.
Оқи отырыңыз:
Әкесінен көз алмаған Айдана Меденованың ұлы жұртты сүйсіндірді
Әнші Луина: Адамгершілігім бір басыма жетіп артылады
Америкалық актер сириялық балаларға 2 млн доллар садақа бермек
“Жігіттер” тобындағы Айдар Құдайдан бала тілеп, 4 рет қажылыққа барған
Талқылау