Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марихуана қолданған қазақстандық Конституциялық Сотқа жүгінген

Фото: Freepik.com

Марихуана қолданғаны үшін айыппұл салынған қазақстандық Конституциялық Сотқа өтінішпен жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабының 1-бөлігінің, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдану мен масаң күйді анықтауға арналған медициналық куәландыру қағидаларының жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұраған.

Іс материалдарына сәйкес, өтініш беруші каннабиноидтарды қолдануға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сотпен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұлға тартылған. Оның пікірінше, затты жеке кеңістікте, басқа адамдарға зиян келтірмей пайдалану жеке өмір саласына жатады, ал жауапкершілікке тарту оның жеке өміріне қол сұғылмаушылыққа деген конституциялық құқығын бұзады.

Конституциялық Сот бұл іс бойынша медициналық куәландырудың даулы қағидалары қолданылмаған атап өтті. Ал сот шешімінің дұрыстығын және істің мән-жайының қалай бағаланғанын тексеру – жалпы юрисдикциядағы соттардың құзыретіне жатады.


Ерлі-зайыпты бір-бірінің банктегі есепшоттарын тексере ала ма: Конституциялық сот шешім шығарды

Қазақстандық әйел күйеуінің шотында қанша қаржы барын білу үшін сотқа жүгінді


Айта кетейік, каннабиноидтар – қарасора өсімдігінде (марихуана, гашиш) кездесетін немесе жасанды жолмен синтезделетін психоактивті заттар тобы.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 13:20