Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Омаровтың екінші әйелі отбасында бақытты болудың сырын ашты

Қоғамда “екінші əйел” немесе “тоқал” мəселесі ауқымды тақырып болып тұр. Бұл туралы Марат Омаровтың екінші жары Перизат ханым өз пікірімен бөлісті. Ол сазгердің бірінші отбасының шайқалуына еш қатысы жоқ екенін stan.kz тілшісіне  айтып, экслюзивті сұхбат берді.

жары

 – Перизат ханым, көргенімізге қуаныштымыз. Ең алғашқы сауалымыз болсын Марат ағамен таныстық қалай басталды?

– Рахмет. Менде қуаныштымын. Бізді таныстырған да, табыстырған да бірінші Алла, содан соң қасиетті мекен Түркістан, Арыстан баб атамыздың рухы десек те болады. Себебі, біздің алғашқы таныстығымыз сол кезде басталған.

жар2

Арыстан бабтың басына түнеген кезде түсімде аян алдым. Арыстан баб атамыз келіп, Марат Омаровтың қолын маған ұстатып “мынау сенің отбасың”деп үш рет айтып көрсетті. Сол күні Марат та Арыстан бабтың басына келеді. Сол жерде танысып, небəрі бір айдың ішінде үйленіп кеттік.

жар2
– Өзіңізден үлкен, бұрын отбасылы болған азаматтың етегінен ұстауыңызды отбасыңыз қалай қабылдады? 

– Əрине, кез-келген ата-ана баласы үшін уайымдайды. Бастапқыда менің ата-анам, жақындарым да қорқақтады. Бірақ, бұл жастықтың лебі немесе алып – ұшпа махаббат емес, тағдыр екенін білген кезде түсіністік танытып, ақ баталарын берді.

– Біздің қоғам “екінші əйел” деген ұғымды қатты сынап, үлкен қателікке бағалап жатады. Сіздің таңдауыңызды да сынап, сөккен жандар болды ма?

– Мен Маратқа екінші əйел ретінде тұрмысқа шығып, берекелі отбасын бұзған жоқпын. Біз танысқан кезде Марат бойдақ болатын. Алғашқы отбасымен ажырасқанына 13 жыл болған кезде кездестік. Отбасылы болдық. Əрине, кейде мені де өсек ететіндер табылады. Бірақ, оларға аса назар аудармаймын. Себебі, ақиқат Аллаға аян.

– Ал, алғашқы жарымен араласасыз ба?

– Жоқ, араласпаймын. Бірақ, көрген жерде сəлеміміз түзу.

– Алайда, Марат ағаның алғашқы некесінен туған балаларымен жақсы араласасыз ғой?

– Əрине, мен келін болып түскен кезде Зарина өтпелі кезеңде жүрген жасөспірім қыз болатын. Сол кезде əкесімен үнемі гострольдік сапарларға шығып, сахнада əн салатын. Ал, оның киімін, шашы мен сұлулығына толықтай мен жауапты болдым. Осылайша, екеуміз жақын құрбыдай араластық. Əлі күнге дейін қарым – қатынасымыз өте керемет.

Зарина мен Азамат Бибімариямның бауырлары. Аналары бөлек болса да, қандары бір. Сондықтан, араласпауға, бауырлардың арасына от салуға менің құқығым жоқ. “Кең болсаң, кем болмайсың” дейді қазақ. Үнемі оларды қолдап, демеу болуға тырысып жүремін. Себебі, ерлі – зайыптылардың арасындағы келіспеушілікке балалардың қатысы да, кінəсі де жоқ.

– Қызғаныш дегенді қалай түсінесіз? Өзіңізді қызғаншақ əйелдердің қатарына қосасыз ба?

– Сазгер, ақындардың əйелдері қызғаныш деген ұғымнан ада болуы керек деп ойлаймын. Əйтпесе, үйде береке қалмасы анық. Себебі, шығармашылық адамдар шабытты сұлулықтан алады. Жиі ғашық болады. Музаларын іздеп жүреді.

Сондықтан, мен тұрмысқа шыққан кезде санамнан қызғаныш деген сезімді өшіріп тастаған едім. Өзім қызғаншақ əйелдерді түсінбеймін. Əйел қызғанса да, сыртқа көрсетпеу керек. Еріне сездірмеу керек. Ер адам көбірек қызғану керек. Оны отанасы сезіну керек. Себебі, кез-келген əйел өзіне аударған назар, көңіл, сезімді байқаған сайын құлпырып, гүлдей түседі.

Сондықтан, ер азаматтарға айтарым жан-жарларыңыздан жылы сөз, бір тал гүл, тіпті болмаса балмұздақ алып беріп болса да, сезімдеріңізді көрсете жүріңіздер. Сол кезде отбасының шырағы жарқырап, шаңырағы шайқалмай тұрады.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада мұғалімдер Көшербаев келеді деп мектептің кілемдеріне дейін жуып жатыр (фото)

Елімізде Ninety one сияқты тағы бір топ пайда болды (видео)

Ділназ Ахмадиева әйгілі «Титаник» әнінің авторымен жұмыс істейтінін айтты

“Қайда?” әнінің қырғызша нұсқасы пайда болды (видео)

Тамара Асар: Бір аяғымнан айырылсам да, өмірге деген құштарлығымнан айырылғаным жоқ

Әке тәрбиесі туралы сөз еткен Бүркіт көптің жүрегін елжіретті

 

Талқылау