Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі: Күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров экс-министр Марат Бекетаевтың ісі қай кезеңде екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz
Журналистер Антикор өкілінен Марат Бекетаевтың ісі қай кезеңде екенін сұраған еді. Данияр Бигайдаров қазір тергеудің аяқалғанын айтты.
"Қазір іс танысу кезеңінде, яғни сотталушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Мұның мерзімі сотталушылардың өздеріне байланысты. Танысу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберіледі", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген