"Маралдың сорпасына түстім": Қарақат Әбілдина ерекше ем түрін бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/
Танымал әнші Қарақат Әбілдина денсаулығына байланысты ерекше ем түрін алғанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Қатонқарағай жерінде қонақ болып, шипа болатын ем түрімен танысқан.
“Қыдекең екеуміз Өскеменге мектеп ашуға келген сапарымызда Қатонқарағайға соға кетуді жөн көрдік. Бұл мекен ем іздегенге шипа, шаршағанға сая екен. “Көкшетау – адамның қасы болса, Қатон – шашы” деп жергілікті халық әзілмен астарлап, әдемі теңеу айтады. Шынымен де сұлулықтың шыңы, табиғаттың айнасы десе болады. Телефонды сөндіріп, табиғатпен үнсіз тілдесудің өзі нағыз медитация емес пе?!
Саф ауа, самал жел, жайқалған орман, таудың тынысы бәрі жанды тыныштандырып, бойға қуат береді. Маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түсіп, буын-буынға шипа алдық. Жай ғана демалыс емес, рух пен тәннің қайта түлеуі болды, – деп жазды ол.
Еске салайық, әншінің жары Қыдырәлі Болман да Германияға барып, емделіп келген еді.
“Қыдыкеңнің денсаулығы сыр бергені жасырын емес. 2-3 жылдан бері денсаулықпен сыналып жүр. Былтыр Германияға барып, емделіп келді. Отбасымызға қатысты дүние болғандықтан, бүге-шүгесіне дейін айтпай-ақ қояйын. Қазір медицинаның дамыған заманында барлық сырқаттың емі бар. Жақсы дәрігерлерден ем алды. Дер кезінде медициналық көмек көрсетті”, – деген еді әнші.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
