Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Манипуляцияны жалғастырып жатыр": Министр Қазақстанда утиль алымы мәселесін енді талқыламауды сұрады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымы мәселесіне нүкте қойылғанын айтты. Үкімет отырысында ол бұл мәселенің бірнеше рет қаралғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Министр бұл мәселеге қатысты енді түсініктеме бермейтінін баса айтты. 

"Бұл мәселе бойынша бұдан былай ешқандай түсініктеме бермеймін. Сарапшылар мен осы тақырыпты манипуляциялауды жалғастырып жатқан адамдардың расталмаған мәлімдемелеріне түсініктеме бермеймін", – деді Шарлапаев.



Ол петиция бастамашылары келтірген уәждердің барлығы заңды негізде жоққа шығарылғанын мәлімдеді.

“Мемлекеттік органдар ақылдасып, нақты шешім қабылдады. Олар қабылдаған шешімді қайта-қайта тексере берген дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені заң бар, заңның диктатурасы бар. Өтініш заңнамалық тұрғыдан қаралып, шешім қабылданды. Сондықтан мемлекеттік органдардың алқалы түрде қабылдаған шешіміне қатысты пікір айта алмаймын. Енді бұл мәселені қозғамауды сұраймын. Енді ешқандай түсініктеме бермейміз”, – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін 19 шілдеде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қатысты петицияны қарастырудың қорытындысын шығарған еді. Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі Әділбек Бектібаев петицияда көрсетілген уәждердің шындыққа сәйкес келмейтінін алға тартып, ұсынысты қанағаттандырудан бас тартқан. 

Талқылау