Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаулық жігіт өз әкесін буындырып өлтірді

Маңғыстауда өз әкесін өлтірген жігіт сотталды.

Бұл туралы Лада.кз хабарлайды .

Маңғыстау облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының жетекші маманы Айжан Сәндібаеваның мәліметі бойынша, қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы үйлердің бірінде орын алған.

Сотталушы мас күйінде әкесімен жанжалдасып қалған. Ұлы тап бергендіктен, әкесі сытылып шығып, көшеге қарай қашады. Артынан қуып жеткен ұлы әкесін құлатып, буындырып өлтірген. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

«Сот айыпталушыға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша үкім шығарып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп хабарлады Айжан Сәндібаева.
Оқи отырыңыз:

Қостанайлық қыз 5-қабаттан секіріп кетті

Павлодарда төбелескендерді ажыратпақ болған жігіт пышақ жарақатынан ажал құшты

Көкшетауда көлік жүргізушісі телефонға қараймын деп адам қағып өлтірді

Иран қазақтарының той рәсімі қалай өтеді (видео)

Талқылау