Маңғыстауда атыс болып 6 адам жараланды
Оқыс оқиға 17-нен 18 шілдеге қараған түні Құрық кентінде болды. Үш адам аудандық емхананың көмегіне жүгінді. Тағы үш адам облыстық емханаға жеткізілді.
Бұл туралы Лада хабарлайды.
«20, 22, 23 жастағы жас жігіттер түнгі уақытта оққа ұшып ауруханаға түсті. Оларға шұғыл ота жасады. Олардың кеудесі мен ішкі мүшелері зақымданған. Науқастың бірінің асқазаны ауыр жараланған. Ол жансақтау бөлімінде аппаратпен жатыр. Жағдайы ауыр», – дейді хирургия бөлімінің орынбасары Мұхамеджан Нұрғазиев.
Екінші науқас есін жиды. Оның денсаулығы қазір бірқалыпты. Үшінші науқастың да асқазаны жараланып, аппаратпен жатыр. Жақсарған соң жалпы бөлімге ауысатын болады.
Куәгерлердің айтуынша атыстан бірнеше адам көз жұмған. Бұл ақпаратты ресми түрде нақтыланған жоқ. Оиғаның анық-қанығы анықталу үстінде.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда атышулы теракт жасаған лаңкес Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?
Астанада тұрғын үйдегі өрттен көз жұмған шетелдік дәрігер әлемді рактан құтқаруды армандаған