Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда әкімнен таяқ жедім деген тұрғынның өзі бәлеге қалды

Маңғыстау облысында ауыл әкімінен таяқ жедім деген ер кісі өзін бейнетаспаға түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салған, деп хабарлайд КТК.

Бейбіт Ораловтың айтуынша, жеке мәселесімен келген оны шенеунік тыңдамақ түгілі, жұдырық ала жүгірген. Алайда куәгерлердің сөзіне сүйенген  аудандық әкімдіктелігер жағдай мүлдем керісінше болды дейді. Айтуларынша,  араққа тойып алған Бейбіт Оралов алдымен әкімнің үйіне келіп ойран салған, артынша шенеуніктің жұмыс орнына балғамен қаруланып барған.

Ұялы телефонға түсірілген кадрларда Бейбіт Оралов өзінің жаңа ғана Бейнеу ауданы Төлеп ауылының әкімі Қайролла Ізжановтан таяқ жегенін айтып отыр. Басы жарылып, миы шайқалған жігіттің аудандық ауруханаға түскенін жергілікті дәгірерлер де растаған. Алайда аудан атқамінерлерінің айтуынша, оқиға таспадағыдай емес, тура керісінше болған.

Жәбір көрдім деген Бейбіт Оралов алдымен ауыл әкімінің үйіне барып, терезесін сындырып, балаларын қорқытқан. Кетер кезде есік алдында тұрған көліктің де әйнегін сындырып кетті дейді. Әкімді үйінен таппаған жігіт қолына балға алып, оны жұмыс кабинетіне іздеп келіп, қоқаң-лоққы көрсеткен. Терезе сындырғаны үшін оның үстінен  аудандық ішкі істер бөлімі «біреудің мүлкін қасақана бүлдірді» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Куәгерлердің айтуынша, әкімнен таяқ жедім деген жан сол сәтте мас болған көрінеді.

“Арақ ішкен, шабуыл жасаған дейді.  Куәгерлер бар. Мен оны  ашушаң деп айта алмаймын. Адам ішіне кіріп шыққан жоқпын, бірақ ондай ештеңе жоқ. 4-5 баланы тәрбиелеп отырған дұрыс азамат, жоғары білімді”, – дейді аудан әкімі Бейнеубек Әбілов.

Тағы да оқыңыз:

Кешір, ұлым: Ақын Қалқаман Сарин ұлынан айырылған журналистің атынан өлең жазып жұртты жылатты

Талдықорғанда телефонда көп отырма деп ескерту алған оқушы асылып қалды

Талқылау