Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында белгісіз бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырған

Маңғыстау облысында белгісіз бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырып, оқиға орнынан қашып кеткен.  Бетін тұмшалағандар тіпті бесіктегі 9 айлық сәби, аяғы ауыр келіншек пен өзге де балалардың болғанына да қарамаған.

мапмс

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Үй иесінің айтуынша, келген басбұзарлардың ішімдік ішкені байқалған. Белгісіз топ мүшелері үйге кірмеген,терезеден тоқтаусыз оқ жаудырып, тас лақтырған. Бұл кезде үйде қырықтар шамасындағы отағасы, екі жасөспірім қыз, жүкті келіні мен құндақтаулы сәби болған. Бұзақылардың бірі ұялы телефонын үйдің маңында түсіріп алыпты. Зардап шеккендер бірден Қарақия аудандық Ішкі істер бөліміне шағымданған. Аты-жөндері белгілі болған алты күдікті әлі  ұсталған жоқ.

“Кетіп бара жатып бандылардың біреуі соткасын түсіріп алған. Ол сотканы милициялар анықтап, Өзеннің жігіті екенін біліп отыр. Бұрын сотталған. Бірақ сонда да әлі ұстай алмай отыр. Бүгінгі күнге дейін ешкім ұсталған жоқ. Ол жерде 7-8 ер адам жүрді үйді шыр айналып”, – дейді үйдің иесі Сандуғаш Нілғалиева.


Жіберіп алмаңыз:

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Әнші Айқын Ақтауда өз-өзіне қол жұмсаған қыз туралы ақпарат жариялады

Талқылау