Маңғышлақ-Алматы пойызының жолсеріктері жолаушы әйелді босандырып алды

Маңғышлақ-Алматы бағытындағы пойызының жолсеріктері жолаушы әйелдің босануына көмектесті. Өзбекстандық әйел пойызда ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жас ана Ақтаудан Ташкентке қарай жол жүріп бара жатқан.

Жол ортасында әйелдің толғағы қысқан. Жолсеріктер оған барлық жағдайды жасаған. Сексеуіл станциясында дәрігерлер көмекке келген.

Сөйтіп, жолсеріктер купесінде Дениз есімді ұл бала дүниеге келді.

Қазір ана мен бала Аралдағы ауруханада жатыр.

«Жолсеріктер болмағанда не істейтінімді елестете де алмаймын. Оларға алғыс айтып үлгермедім. Қазіргі сәтті пайдалана отырып оларға рақметімді айтқым келеді», – дейді жас ана.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» филиалының директоры Асқар Шүкірбековтің айтуынша, пойыз басшысы Қобыланды Нысанбаев, жолсеріктер Нұрлан Сапаров пен Қалыбек Ерсапарға алғыс жарияланды.

Тағы оқыңыз:

Алматыда іздеу жарияланған қыз аман-есен табылды

Алматы облысында өгей қызын тістеп тастаған ер адамның соты басталды

Ақтөбеде жаяу жүргінші жолағында 11 жасар оқушыны көлік қағып, өлтірді

Баланың зорланғанын жоққа шығарған вице-министр ақталуға тырысты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр