Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалында туристерді неге тоқ соғады – Маман түсіндірді

Әлеуметтік желіде Бозжыра шатқалына шыққан туристерді тоқ соғатыны түсірілген видео тарады. Ерекше құбылысты байқаған тұрғындарда түрлі сұрақ туындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

бозжыра

Видеодан скриншот

Дәл осындай құбылысты 2019 жылы америкалық туристер де байқаған. Қолдарын көтергенде олар тоқ соққанда шығатын дыбысты естіген, кейін туристердің шашы "тік тұрыпты”.

Жергілікті геофизик Геннадий Тарасенконың сөзінше, мұндай құбылыс климаттың өзгеруінен болады. Сондай-ақ бұған мұнай мен су өндіру де әсер етеді. 


2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды


"Жер планетасы – электр қуатын жинайтын электроконденсатор. Кез келген конденсаторда диэлектрлі материал болады, біз оларды мұнай және су түрінде өндіреміз. Оның үстіне Жер тек электроконденсатор ғана емес, суыту процесі жүретін радиатор секілді. Бірақ адам сұйықтықты көп өндірген сайын электрлік конденсатордың тұйықталуына алып келеді", – деді Тарасенко. 

Маманның айтуынша, туристердің тірі қалуы ерекше жайт, себебі кез келген найзағай оларды өлтіріп жіберуі де мүмкін еді. 

Талқылау