Маңғыстауда ұлттық спорт орталығының бухгалтері 117 миллион теңге жымқырған
Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражаты қаншалықты заңды жұмсалып жатқанын тексеру барысында спорт мекемесінен жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.
Аталған фактіні облыс прокуратурасы тергеп, нәтижесін Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі ”Салғырттық” және 189-бабы 4-бөлігімен “Жымқыру” бойынша сотқа жолдады.
- "291 миллион теңге негізсіз жұмсалды": Депутат жаңа кодексті жасау кезінде қаржы жымқырылғанын айтты
“Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып "Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған. Бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"