Маңғыстауда уланған оқушылардың саны 300-ге жетті
Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында уланған оқушылардың саны 300-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Қазір 222 бала үйде ем алып жатыр, 67 бала ауруханада, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
1-4-сынып оқушыларының мектап асханасынан не жегені анықталып жатыр.
Шенеуніктердің мәлімдеуінше, мектепте мәзір күнделікті жаңарып отырады. Зерттеу нәтижесі үш-бес күнде дайын болады. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауына алды.
Бесшоқыдағы №8 мектепте төменгі сыныптарды тамақпен қамтитын компания “Шакенова Д” ЖК деп аталады. Мемлекеттік сатып алулар арқылы барлығы 224 келісімшарты бар. Соның ішінде құны 100 миллионнан асатын ондаған келісімшарттың мерзіім ұзартылған. Statsnet.co порталы жеке кәсіпкерліктің жылдық айналымын 2,5 миллиард теңгеге бағалаған.
Еске салайық, Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4-сынып оқушылары зардап шекті.